Басқарма төрағасы, «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, Санкт-Петербург университетінің жанындағы Оксфорд университетінің базасында Phd жүйесі бойынша ғылым докторы атағынан үміткер. 1984 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген, Алматы қаласының ЖМЖА хирургиялық бөлімінде интернатурадан өткеннен соң, өзінің еңбек жолын 1985 жылы Алматы қаласының №2 клиникалық ауруханасының 1 урологиялық бөлімшесінің уролог дәрігері қызметінен бастады, 1988-1990 жылдар аралығында АММИ урология кафедрасында клиникалық ординатурадан өтті, ординатураны аяқтаған соң Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Урология ҒЗИ ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 1993 жылдан «Автолэнд» компаниясында коммерциялық директор қызметін атқарды, 1997 жылы «Алатау» ЖШС-нің коммерциялық директоры. 1198 жылы «Тұран» ЖШС-нің бас директоры болып жұмысқа қабылданды. 2003 жылдан «Medline» ЖШС-нің бас дәрігері қызметін атқарды, 2008 жылдан «Компания СК» ЖШС директорының орынбасары. 2011 жылдан «Қазақстан шипажайы» АҚ-ның медициналық бөлім жөніндегі вице-президенті, 2015 жылғы 3 желтоқсаннан «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.