Өз жұмысын 2016 жылғы 23 мамырда бастаған «Жәрдем» медициналық пойызы өзінің бірінші сапарында бірден: Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын қамтиды. Сапар барысында барлығы 22 станса мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарын қамту жоспарланып отыр, бұл сапардың жалпы ұзақтығы бір айдан асатын болады (2016 жылғы 23 мамырдан 06 шілдеге дейін) құрайды.
 
Бүгінгі күні «Жәрдем» медициналық пойызы өз жұмысын Батыс Қазақстан облысынан бастады. Сапардың басында пойыз Семиглавый Мар, Шипово, Деркул, Переметное стансаларына аялдайды. Кейін кесте бойынша Ростошский, Жайык, Алгабас, Амангельды и Чингирлау стансаларының тұрғындары тексеріледі. Жоспар бойынша Батыс Қазақстан облысының 9 стансасының тұрғынына медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.
 
11 маусымда «Жәрдем» медициналық пойызы Атырау облысының Ганюшкино, Афанасьево, Исатай сияқты 13 стансасына аялдайды.
 
Кәзіргі кезде 2016 жылғы 10 мамырда бастаған «Саламатты Қазақстан» кеңестік - диагностикалық пойызымен 13 күнің ішінде республикамыздық Ақмола және Солтүстік облсының 10 стансасының 1 629 тұрғыны тексерілді, олардың 247 балалар. Дәрігерлерге келушілер саны 6 968 адамды құрады. 4 331 диагностикалық процедура, 102 шағын амбулаторлық операция жасалды. Маммологпен 43 әйел адам тексерілді. 352 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді. Пойыз мамандарымен 3278 ауру түрі тіркелді, олардың 280 балаларда. 40 қатерлі ісік анықталды, олардың 2 балаларда.
 
Сонымен қатар, 2016 жылғы 10 маусымнан бастап «Денсаулық» кеңестік - диагностикалық пойызы ағымдағы жылға жоспраланған жұмысын бастайды.