2016 жылғы мамыр айынан бастап темір жол көлігі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай ақ еліміздің шалғай және жету қиын елді мекендерінің тұрғындарына көпсалалы ұтқыр кеңестік - диагностикалық көмек көрсету жөніндегі бірегей әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жалғасын тапты.
Өз жұмысын 2016 жылғы 11 мамырда бастаған «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өзінің екінші сапарында бірден: Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қамтиды. Сапар барысында барлығы 50 станса мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарын қамту жоспарланып отыр, бұл сапардың жалпы ұзақтығы 2 айды (2016 жылғы 11 мамырдан 10 шілдеге дейін) құрайды.
 
Бүгінгі күні «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын Ақмола облысынан бастады. Сапардың басында пойыз Көкшетау-1, Дәуіт, Ащыкөл, Золотрудная стансаларына аялдайды. Кейін кесте бойынша Чкалово, Октябрь, Чаглинка, Қарағай, Уголки. Стансаларының тұрғындары тексеріледі. Жоспар бойынша Ақмола облысының 18 стансасының тұрғынына медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.
 
29 мамырда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысының Сарыкөл, Шоққарағай, Тоғызақ сияқты 16 стансасына аялдайды. 20 маусымнан медициналық пойыз Павлодар облысының басқа 16 стансасына жол тартады.
 
2016 жылғы 1 тоқсанда «Саламатты Қазақстан» кеңестік - диагностикалық пойызымен 38 күн ішінде республикамыздық Қарағанды облсының 23 стансасының 5 447 тұрғыны тексерілді, олардың 1 017 балалар. Дәрігерлерге келушілер саны 56 682 адамды құрады. 39 282 диагностикалық процедура, 150 шағын амбулаторлық операция жасалды. Маммологпен 1380 әйел адам тексерілді. 1 889 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.
 
Жұмыс нәтижесінде пойыз мамандарымен 12 958 ауру түрі тіркелді, олардың 1 345 балаларда. 234 қатерлі ісік анықталды, олардың 5 балаларда.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 23 мамырдан бастап «Жәрдем» кеңестік - диагностикалық пойызы ағымдағы жылға жоспраланған жұмысын бастайды.