Таңғы сағат 9-да Костанай облысының Денисовка станциясында «Саламатты Қазақстан» кеңестік - диагностикалық пойызының тіркеу бөлімі орналасқан вагонның есігі ашылып, ережелерге сәйкес қабылдау басталды. Бірнеше минуттан кейін қаралушылар дәрігерлердің «кабинеттеріне» қарай бет алды.

Бұл жерде кез-келген аудандық емханалардан табыла бермейтін барлық мамандар бар: жүйке, жүрек ауруларын емдеуші мамандар, оташы, гинеколог және тағы басқалары. Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде нақты диагноз қою үшін талап етілген ультрадыбыстық тексеру және жылдам зертхана да қарастырылған.

«Саламатты Қазақстан» пойызы қазіргі заманғы медициналық аппаратуралармен жабдықталған емханалары жоқ шалғайдағы селолар мен ауылдардың тұрғындары үшін құрылған. Еске алар болсақ, пойызды 5 жыл бұрын төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсету үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазақстан темір жолы» АҚ бірлесе отырып құрған болатын. Жайшылықта үш пойыз бекітілген кесте бойынша Қазақстанның облысы арасында жүріп тұрады. Биыл жыл басынан бастап «Саламатты Қазақстан» пойызы Қарағанды және Ақмола облысының тұрғындарына қызмет көрсетті. Пойыз 8 вагоннан тұрады, оның төртеуі – жылжымалы емхана.

Аға дәрігердің айтуы бойынша күн сайын пойыз-емхана 150-ден 250-ге дейін емделушілерді қабылдайды. Тұрғындар ешқандай кедергісіз білікті мамандардан кеңес және ем алады. Алғаш рет анықталған ауру белгілері және ерекше жағдайлар бірден емделушінің тұрғылықты жеріндегі емханадағы учаскелік дәрігерге жіберіледі.
«Саламатты Қазақстан» кеңестік - диагностикалық пойызында бірнеше жыл қатарынан медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан мамандардың бақылауы бойынша қаралушылардың жай-күйлері 4-5 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда жақсырақ. Бұл жолы қиын жағдайлар тіркелген жоқ.

Кезектерін күтіп тұрғандармен қысқаша әңгіме барысында шығарылған қорытынды: «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өте қажет, ыңғайлы және қалаулы. Келушілерді көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылығы және ақысыз жасалатыны қызықтырады. Денисовка станциясы тұрғындарының көпшілігі мұнда барлық отбасы мүшелерімен профилактикалық тексеруден өтуге келді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Денисовка станциясында 2 тәулік бойы мұқтаж жандарға тез арада және білікті көмек көрсететін болады.
Реті келіп тұрғанда айтып өтсек, 2016 жылғы 11 мамырдан бастап екінші сапары аралығында жылжымалы емхана мамандары 27 күн ішінде республикамыздың Ақмола және Қостанай облыстарының 22 стансасының тұрғындары тексерілді, 5120 ересек тұрғын, сонымен қатар 672 балаға медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлерге келушілер саны 25822 құрады. 16783 диагностикалық зерттеулер жүргізілді (6007 ішкі ағзаны ультрадыбыстық зерттеу, 39 спирография, 1338 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 1424 электрокардиографиялық зерттеулер, 1051 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 643 рентгенологиялық зерттеулер, 329 эзофагогастродуоденоскопия, 5952 клинико-биохимиялық зерттеулер), 181 шағын амбулаторлық операциялар жасалды. Маммологпен 507 әйел адам қаралды. 1145 тұрғынға стоматологиялық жәрдем көрсетілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде пойыз мамандарымен 10435 ауру түрі тіркелді, оның ішінде 739 балаларда. 132 ісік анықталды, оның ішінде 6 балаларда. 

ҚР ІІМ ТЖК
АҚ «Аппатар медицинасының темір жол госпитальдары»