Шығыс Қазақстан облысы шалғайдағы елді мекендерінің тұрғындарына, теміржолшыларына және олардың отбасы мүшелеріне енді диагностикалық тексерілу және медициналық көмек үшін Қазақстанның ірі қалаларына баруға уақыт және қаржы шығарудың қажеті жоқ.

Бүгін, 2016 жылғы маусымның 10 күні Шығыс Қазақстан облысының алыстағы стансаларына «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойызы жол тартады.
11 маусымнан Аул стансадан жұмысын бастап, «Денсаулық» Шығыс Қазақстанның 14 шақты стансасына қызмет көрсетуді жоспарлап отыр, ал әрі қарай Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары жоспарланған.

«Дөңгелекті емхана» деп аталып кеткен медициналық пойыздың вагондарында дәрігерлердің кабинеттері, диагностикалық корпус, тіркеу бөлімі, тамақтану және демалу блоктары  орналасқан. Стоматолог, дерматолог, уролог, маммолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт, отоларинголог, педиатр, окулист сияқты мамандарға кезекке тұрғандар көп. Пойызда УДЗ-диагностикалау, таңу, процедуралық кабинеттер және шағын хирургиялық операциялар жасайтын операциялық блок қарастырылған. Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Сандық флюорографиялық аппарат рентген түсірілімді пациенттің жылдам алуын қамтамасыз етеді, тапсырылған талдаманың нәтижесі де көп күттірмейді.

Жыл басынан санасақ, өз жұмысын бұрын бастаған «Саламатты Қазақстан» және «Жәрдем» кеңестік-диагностикалық пойызының дәрігерлерімен бар жоғы 68 күн ішінде Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының 57 стансасының 13 043 тұрғыны тексерілді, олардың 2 063 балалар. Дәрігерлерге келушілер саны 96 140 адамды құрады. 62 944 диагностикалық процедура, 335 амбулаторлық операция жасалды. 3 673 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Жұмыс нәтижесінде пойыз мамандарымен 30 084 ауру түрі тіркелді, олардың 2 592 балаларда. 559 қатерлі ісік анықталды, олардың 16 балаларда.

Медициналық пойыздың әр пациенті қажетті алғашқы медициналық көмек, білікті кеңес және ары қарай емделу үшін таяу орналасқан медициналық орталықтарға жолдама алады.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарының денсаулығына деген қамқорлақ үшін олар өздерінің шексіз алғыстарын білдіруде.
Биылғы жылы медициналық пойыздар еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізіп жұр.

«АМТГ» АҚ